logo

Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы тағы екі алтын жеңіп алды

Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы тағы екі алтын жеңіп алды

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Нақтырақ айтатын болсақ, оның бірін көркем жүзу жарысынан 15-19 жас аралығындағы еркін бағдарлама сайысында Карина Магрупова жеңіп алса, екіншісін осы сайыс түрінен 13-15 жас аралығындағы қыздар арасынан еркін бағдарламада Даяна Джаманчалова қанжығасына байлады.

Жарыс қорытындысы:

Көркем жүзу. Қыздар. Жекелей сайыс, еркін бағдарлама, 15-19 жас

1-орын - Қазақстан - Карина Магрупова - 404.0525ұпай
2-орын – Таиланд - Патрави Чаяварарак - 330.9342
3-орын – Өзбекстан - Зиёдахон Тошхуджаева - 328.1150

Көркем жүзу. Қыздар. Жекелей сайыс, еркін бағдарлама, 13-15 жас

1-орын - Қазақстан - Даяна Джаманчалова - 233.5386 ұпай
2-орын – Қытай - Я Дай - 233.1047
3-орын – Өзбекстан - Сабина Махмудова - 200.5405