Су спортынан әлем чемпионаты жалғасуда
Осы күндері Дохада (Катар) су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды, Sport Plus Qazaqstan
Біріншіліктің төртінші күнінде ел спортшылары үш дисциплина бойынша сынға түсті.
50 метрге шалқалап жүзуде Ксения Игнатова 30 орында.
Азия Ойындарының жүлдегері Әділбек Мусин 100 метрге еркін әдіспен жүзуден 31 орында.
Аралас командалық эстафетада Қазақстан 17 орында. Бұл санатта ел намысын Ксения Игнатова, Әрсен Қожахметов, Софья Сподаренко, Әділбек Мусин қорғады.