Стенд атудан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орында
Кувейтте өткен стенд атудан лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан мергендері 8 жүлде еншіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan, Olympic.kz ақпаратына сүйене отырып.
Қазақстан командасының қанжығасында 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орында.
Азия чемпионы атанғандар: Мария Дмитриенко, Әлішер Айсалбаев (трап, аралас жұптық сын), Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Илья Пенков (скит, командалық жарыс), Никита Моисеев, Богдан Конченко, Никита Чикулаев (трап, командалық жарыс).
Күміс медаль: Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко (скит, аралас жұптық сын).
Қола медаль: Мария Дмитриенко (трап, жекелей сын), Мария Дмитриенко, Анастасия Прилепина, Айжан Досмағамбетова (трап, командалық сын), Илья Пеньков (скит, жекелей сын), Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко (скит, командалық сын).
Азия чемпионатына Қазақстаннан 18 спортшы қатысты. Өкінішке қарай, ешбір спортшымыз лицензияға қол жеткізе алмады.