Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық жарыс маусымын Германияның Котбус қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңінен бастайды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы алғашқы Әлем кубогының кезеңі 19-22 ақпан аралығында өтеді. Аталған жарыста Қазақстан атынан бес гимнаст өнер көрсетеді:

— Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар)

— Милад Карими (керме, еркін жаттығулар)

— Дмитрий Патанин (сақиналар, қоссырық, еркін жаттығулар)

— Диас Тойшыбек (қоссырық және кермедегі жаттығулар)

— Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар)

Турнир қарсаңында команда Котбус қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын 8 ақпанда басталып, 17 ақпанға дейін жалғасады.