Спорттық гимнастикадан әлем кубогы аяқталды
Сомбатхей (Венгрия) қаласында өткен спорттық гимнастикадан өткен Әлем Кубогында Қазақстан құрамасы қос алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Ақтық сайыстың алғашқы күні Дарья Ясинская 13.166 ұпай жинап, бірінші орынға тұрақтады. Бұл 20-жасар Дарья үшін Әлем Кубогының бірінші жүлдесі.
Кейін ерлер арасында Асан Салимов 14.300 ұпаймен қарсыластарының алдын орады.
Осымен Challenge Cup 2024 сериясы аяқталды. Биыл Әлем Кубогы Анталья, Осиек, Варна, Копер және Сомбатхейде өтті.