logo

Спорттық атудан әлем кубогының финалындағы Қазақстан құрамасы анықталды

Спорттық атудан әлем кубогының финалындағы Қазақстан құрамасы анықталды

13-18 қазан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында спорттық атудан әлем кубогының финалдық кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасының құрамы анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл жарыстардың басты ерекшелігі — тек әлемдік рейтингтің үздік 6-ға кіретін спортшылар, Париж-2024 Олимпиадасының жүлдегерлері және 2023 жылғы әлем кубогы финалдарының жеңімпаздары ғана қатысады.

Қазақстан атынан Әсем Орынбай, Мария Дмитренко, Никита Чирюкин және Константин Малиновский сынға түседі.

Жарысқа 37 елден 132 спортшы қатысады. Жүлде қоры: 1-орынға — 5 000 еуро, 2-орынға — 4 000 еуро және 3-орынға — 2 000 еуро.



Күн шежіресі