logo

Спорттық акробатикадан Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік ойындарға жолдаманы жеңіп алды

Спорттық акробатикадан Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік ойындарға жолдаманы жеңіп алды

Португалияда өткен спорттық акробатикадан әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы Дүниежүзілік ойындарға екі жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Спорттық жұп Даниэль Диль мен Вадим Шуляр, сондай-ақ аралас жұп Илларион Мацымоха мен Диана Высоцкая Қазақстанның намысын 4 жылда бір рет өтетін Дүниежүзілік ойындарда қорғауға мүмкіндік алды.

Дүниежүзілік ойындар 2025 жылдың 7-17 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтеді.



Күн шежіресі