logo

Sport+ және Қазақстанның үстел теннисі федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Sport+ және Қазақстанның үстел теннисі федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Sport+ Qazaqstan медиатобы және Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар медиатоптың ресурстары арқылы Қазақстанда үстел теннисін ілгерілету бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісім жасады. Қазақстандық спортшылар халықаралық аренада айтарлықтай жетістіктерге жетіп, ірі турнирлер мен чемпионаттарда жүлдегер атанып жүр. Жуырда Қазақстанның ерлер командасы Ислам ойындарының жеңімпазы атанып, Кирилл Герасименко жеке сайыста да алтын медальға қол жеткізді.

Бұл ынтымақтастық аталған жетістіктердің медиа кеңістікте кеңінен жариялануына, салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ жаңа таланттар мен үстел теннисіндегі қызықты оқиғаларға көпшілік назарын аудартуға мүмкіндік береді.

«Үстел теннисі — еліміздегі танымал әрі қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Біз Қазақстанның үстел теннисі федерациясымен ынтымақтастық аясында түрлі жарыстарды жариялауды қоса алғанда, бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл ынтымақтастық елімізде осы спорттың дамуына елеулі үлес қосып, жаңа есімдердің ашылуына және Қазақстанның әлемдік спорт аренасындағы позициясын нығайтуға септігін тигізеді деп үміттенеміз», — деп меморандумға қол қоюды медиатоптың бас директоры Олжас Абраев атап өтті.

«Біз бұл ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Ең алдымен, бұл елімізде үстел теннисінің дамуына оң әсер етеді. Sport+ телеканалы — Қазақстандағы жаңалықтар сюжеттері мен спорттық іс-шаралардың негізгі хабар таратушыларының бірі, сондықтан біздің бірлесіп жұмыс істеуіміз — үлкен қуаныш. Бұл біздің ұйымға да, Sport+ телеарнасына да айтарлықтай пайда әкелетініне сенімдімін», — деді Қазақстанның үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пак.

Sport+ және Федерацияның алғашқы бірлескен жобасы осы жексенбіде басталатын Қазақстан командалық кубогының тікелей эфирдегі көрсетілімі болмақ.



Күн шежіресі