Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жаңа төраға тағайындалды
Руслан Есеналин Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport+
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Руслан Бақыттыұлы Есеналин Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген Р. Есеналин әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт мектептерінде бокстан және кикбоксингтен жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясында Қазақстан Республикасы бойынша кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы болған.
2012-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, 2020-2024 жылдары «Құлагер» хоккей клубының директоры, 2024 жылғы 5 маусымнан бастап «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директорының орынбасары болып жұмыс істеген.