logo

Sport+ телеарнасы мен sportplustv.kz сайты Metaratings Top Awards сыйлығының финалына шықты

Sport+ телеарнасы мен sportplustv.kz сайты Metaratings Top Awards сыйлығының финалына шықты

Metaratings Top Awards ұлттық спорт және бизнес сыйлығының ашық дауыс беруі барысында 100 мыңнан астам дауыс жиналды. Бірнеше ай бойы әрбір Қазақстан тұрғыны 2024 жылдың үздік спортшыларына, жаттықтырушыларына, командаларына, журналистеріне және елдің спорт индустриясының өкілдеріне дауыс бере алды.  

Ашық дауыс беру азаматтардың үздіктерді анықтауға деген жоғары қызығушылығын көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда дауыс саны 50%-ға өсті, ал кейбір номинацияларда дауыс бергендердің саны екі есеге артты.  

Дауыс берудің қорытындысын арнайы қазылар алқасы шығарып, 20-дан астам номинацияның әрқайсысында жеңімпаздарды анықтайды.  

Әр номинацияда бес финалист қана қалды, ал жеңімпаздардың есімдері 2025 жылғы 3 сәуірде Royal Tulip Almaty қонақүйінде өтетін салтанатты гала-кеш барысында жарияланады.  

Sport+ телеарнасы «Үздік спорттық телеарна» номинациясының финалына шықты, ал арнаның sportplustv.kz сайты «Үздік спорттық БАҚ» номинациясы бойынша ТОП-5 қатарына енді. Сондай-ақ, телеарна қызметкерлері Дидар Қадыров пен Наима Құралбаева сәйкесінше «Үздік комментатор» және «Үздік журналист» номинацияларының финалистері атанды.  

Салтанатты кештің арнайы қонақтары — әлем чемпиондары, Чемпиондар лигасы мен Италия және Испания чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздары Кафу мен Роберто Карлос болады.  

Metaratings Top Awards — Қазақстандағы спорт және бизнес саласындағы алғашқы ұлттық сыйлық. Алғаш рет бұл шара 2024 жылдың наурыз айында өтіп, онда еліміздің үздік журналистері мен комментаторлары, спорт менеджерлері мен телеарналары, сенімді букмекерлер мен үздік амбассадорлар марапатталған еді.



Күн шежіресі