Sport+ «Астана» баскетбол клубымен меморандумға қол қойды

Sport+ медиатобы мен Қазақстанның ең мықты баскетбол клубы — «Астана» серіктестік туралы келісімге келді.
Медиатоп басшысы Олжас Абраев пен клубтың бас директоры Самсон Аракелян ақпараттық әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар келісім аясында қазақстандық баскетболды Sport+ медиатобының ресурстары арқылы дамытуға уағдаласты. Атап айтқанда, ерекше көңіл клубтың жастар құрамасына бөлінеді. Бұл командаға Қазақстанның үздік жас баскетболшылары жиналған, және олар ВТБ жастар лигасында тарихи маусымды бастайды.
Самсон Аракелян — ПБК «Астана» бас менеджері:
«Бізді алда өте қызықты маусым күтіп тұр. Жастар құрамасы алғаш рет Қазақстан атынан ВТБ жастар лигасына қатысады. Ересектер командасы Қазақстан чемпионатынан бөлек, ВАСЛ лигасында да ел намысын қорғайды. Интерконтинентальді кубокқа шығу үшін біз барлық кезеңдерден өтуіміз керек: алдымен ВАСЛ Суперлигасы, егер финалға өтсек — Азия чемпиондары кубогы. Осыған байланысты жанкүйерлер үшін жаңа ақпараттар мен турнирлер көбейеді, сондықтан бізге көзқарасы бізбен ұқсас мықты ақпараттық серіктес қажет. Бұл тұрғыда Sport+ біз үшін мінсіз серіктес. Біз бірлесе отырып, Қазақстандағы баскетболдың медиа кеңістігін күшейтуге, халықаралық тақырыптарды ғана емес, жастардың жетістігін көрсетуге, жаңа есімдерді ашуға, аналитика енгізуге мүдделіміз. Мұның бәрін Sport+ ұсынуға дайын».
Олжас Абраев — Sport+ медиатобының бас директоры:
«Баскетбол — бұл әлемдегі ең танымал әрі қолжетімді спорт түрлерінің бірі. Қазақстанда да ол үлкен сұранысқа ие. „Астана“ — еліміздің баскетболындағы флагман, өзінің академиясы, инфрақұрылымы мен жастарды қолдауға бағытталған даму стратегиясы бар клуб. Бұл біздің медиахолдингтің бағыттарымен толық сәйкес келеді. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы біз қазақстандық баскетболда жаңа есімдерді ашып, бұл спортты кеңінен насихаттап, салауатты өмір салтын дәріптей аламыз деп сенемін».