Спорт министрі қызметінен босатылды
Қазақстан туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Бұл туралы бүгін, 31 тамыз күні Ақорда жариялады. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды» делінген ресми хабарламада.
Ермек Маржықпаев бұл қызметке 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған еді.