logo

Спорт министрі Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің аналарымен кездесті

Спорт министрі Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің аналарымен кездесті

Туризм және спорт министрі саңлақ спортшылар Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің аналарымен кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада саңлақ спортшылардың аналармен кездесті. Атап айтқанда, даңқты боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың аяулы анасы Сырлыкүл Саттарханованы және әлемге мәшһүр мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің ардақты анасы Оксана Тенді қабылдады.

Министр халықаралық аренада еліміздің көк Туын көкте желбіретіп, Әнұранымызды байрақты бәсекелерде шырқатқан саңлақтар бүгінде арамыздан алыстап кетсе де, олардың рухын ұлықтау және есімін ел жадында мәңгі сақтау жолында қос ананың аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті.

Халқымыз «Алып анадан туады» деп бекер айтпаған. Шынында да, адам бойындағы асыл қасиет пен таудай талап ананың ақ сүтімен дариды. Ана баласына берген тәрбиесі мен шексіз махаббаты оның болашағына жарқын жол ашады. Сіздер ұлдарыңызды спорт үйірмесіне қаршадайынан жетелеп апарып, чемпион атануы үшін барлық жағдайды жасадыңыздар. Саңлақтарымыз арамыздан алыстап кетсе де, олардың рухын ұлықтау, есімін ел жадында мәңгі сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүргендеріңізге куәміз. Батырларымыздың аты өшпей, әлі күнге дейін жас жеткіншектердің кумирі болып келе жатқаны ең алдымен, сіздердің арқаларыңыз», – деді Ербол Мырзабосынов.



Күн шежіресі