Шомконың жаңа клубы белгілі болды
Тәжірибелі қорғаушы Дмитрий Шомко «Елімаймен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы семейлік клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.
Дмитрий өзінің мансабын туған қаласының «Батыр» және «Екібастұз» клубтарында бастады. Сонымен қатар ол «Ертіс», «Астана», волгоградтық «Ротор» және «Ақтөбе» клубтарында өнер көрсетті.
Футболшы 68 еурокубок ойындарда 8 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
Дмитрий Шомко - 6 дүркін Қазақстан чемпионы, Қазақстан Кубогының иегері және 5 дүркін Суперкубок иегері.
Тәжірибелі қорғаушы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 48 матч өткізіп, 2 голдың авторы атанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram