София Берульцева — каратэ бойынша 2026 жылдың үздік спортшысы
София Берульцева кумите бағдарламасы бойынша +68 келі салмақ дәрежесінде 2026 жылдың үздік спортшысы атанып, бұл марапатты өзінің спорттық мансабында алғаш рет жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Маусым бойы жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсеткен спортшымыз каратэден Премьер-лиганың алғашқы үш кезеңінде қатарынан жеңіске жетті.
Осының нәтижесінде ол жалпы есепте қарсыластарынан көбірек ұпай жинап, маусым аяқталғанға дейін бір кезең қалғанына қарамастан, чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.