logo

Софья Берульцева мен Әсел Қанай Гран-при финалында

Софья Берульцева мен Әсел Қанай Гран-при финалында

Қос қазақстандық спортшы Софья Берульцева мен Әсел Қанай карате Премьер-Лигасының финалына шықты, деп хабарлайды Sport+

Қанай франциялық Леа Авазериді 5:3 есебімен жеңді. Ақтық сында ол жапон Сарара Шимадамен күш байқасады.

Софья жартылай финалда Ингрид Кримерстен (Нидерланд) басым түсті. Финалда ол соңғы гран-при жеңімпазы испаниялық Мария Торреспен кездеседі.

Ақтық жекпе жектерді Sport+ сайтынан Қазақстан уақытымен 14:00де тамашалай аласыздар.



Күн шежіресі