Софья Берульцева Азиаданың алтын жүлдесі үшін бақ сынайды
Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
68 келіден жоғары салмақтағы жартылай финалда қазақстандық спортшы Непал өкілі Арика Гурунгтен басым түсті.
Айта кетейік, шешуші жекпе-жек бүгін, 20 қыркүйекте өтеді. Сондай-ақ Жоламан Биғабыл да финалға жолдама алды.