Сергей Богату мен Кирилл Гурин Азиадада екінші жеңісіне қол жеткізді
Жағажай волейболынан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Сергей Богату мен Кирилл Гурин Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы топтық кезеңнің кезекті кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Е тобындағы екінші матчында қазақстандық жұп Оңтүстік Корея өкілдері Пэ Ин Хо мен Ё Мин Суға қарсы ойнады.
Богату мен Гурин 2:0 (21:10, 21:10) есебімен жеңіске жетті.
Бұл — қазақстандық жұптың турнирдегі екінші жеңісі. Бұған дейін олар Индонезия өкілдері Имам Ахмад Файсал мен Файруз Байхаклиді 2:1 (22:24, 21:19, 15:12) есебімен ұтқан болатын.
Екі кездесуден кейін қазақстандықтар екі жеңіске ие болып, 1/8 финалға шығу жолындағы күресін жалғастыруда. Келесі кезеңге топтағы үздік екі команда жолдама алады.
Е тобында гонконгтық жұп та өнер көрсетеді.