logo

Сенімді жоғалтты: Головкин өзінің бас хатшысы Жанар Өтешеваны қызметінен шеттетті

Сенімді жоғалтты: Головкин өзінің бас хатшысы Жанар Өтешеваны қызметінен шеттетті

Қазақстан ҰОК бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды.

«Сенімінің жоғалуына байланысты Жанар Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады», - делінген мәлімдемеде.

Еске салсақ, Жанар Өтешова Головкин кәсіпқой бокс рингіне шығып жүргенде командасының баспасөз хатшысы болған. 2022 жылдың ортасына дейін ҰОК баспасөз және PR департаментін басқарған еді.