logo

Семсерлесуде Олимпиада жолдамасын алу жолдары қандай?

Семсерлесуде Олимпиада жолдамасын алу жолдары қандай?

Семсерлесуден мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов осы спорт түрінде Олимпиада жолдамасын алу мүмкіндіктерін ҰОК берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Шпагадан Қазақстан командасы тарихи нәтиже тіркеуі мүмкін. Бүгінде Олимпиада жолдамасын қалтаға салу үшін бір қадам қалды. Грузияның Тбилиси қаласында өтетін әлем кубогінің соңғы кезеңінен соң бәрі де белгілі болмақ. Негізі, аталған әлем кубогі кезеңі Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтуі тиіс еді. Әлемдік ұйым Грузияға ауыстыруды дұрыс деп санапты. Қазіргі таңда шпагамен семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік және олимпиадалық рейтингте 5-орында келеді. Париж Олимпиадасына рейтингте алғашқы төрт орында тұрған команда тікелей жолдама алады. Ал қалған командалар өз құрлығы бойынша бірінші орында тұрса, Олимпиада лицензиясына иелік етеді. Біздің де мақсатымыз – Азия құрлығында бірінші орын алу арқылы Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізу», - дейді жаттықтырушы.