logo

Шахматтан Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік Олимпиадада медаль үшін күресін жалғастыруда

Шахматтан Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік Олимпиадада медаль үшін күресін жалғастыруда

Будапештте шахматтан Дүниежүзілік Олимпиада жалғасуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстанның әйелдер құрамасы алты турдан кейін 10 ұпай жинап, турнирлік кестеде алтыншы орында тұр. Алтыншы турда қазақстандықтар Меруерт Камалитденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және Әмина Қайырбекова Куба командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Команданың көшбасшысы Бибісара Асаубаева бұл турды өткізіп жіберді.

Әйелдер командалары арасында көшбасында Үндістан 12 ұпаймен тұр. Одан кейін Грузия мен Польша (әрқайсысы 11 ұпай), содан кейін АҚШ, Армения, Қазақстан және 10 ұпайы бар бірнеше елдер келеді.

Қазақстанның ерлер құрамасы 8 ұпай жинап, турнирлік кестеде 35-орында тұр. Алтыншы турда қазақстандықтар Оңтүстік Африка Республикасын 3,5:0,5 есебімен жеңді. Партияларда Денис Махнев, Қазыбек Нөгербек және Әлішер Сүлейменов жеңіске жетті. Ал Алдияр Ансат тең ойнады.



Күн шежіресі