Шахматтан Азия чемпионатында 650-ге жуық жас шахматшы бақ сынайды
Алматыда шахматтан 26-шы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Турнирге Азияның 34 елінен 7-18 жас аралығындағы 650-ге жуық жас ойыншы жиналды.
Жасөспірімдердің Азия чемпионаты — аймақ үшін шахмат әлеміндегі маңызды оқиға. Жыл соңында Азия өкілдері тұңғыш рет шахматтан әлем чемпионы атағына күреседі: ерлер арасында қазіргі әлем чемпионы қытайлық Дин Лижэнь мен 8ндістандық Гукеш Доммараджу, қытайлық әйелдер Цзюй Вэньцзюнь мен Тань Чжунъи бар. Азия чемпионаттары — шахматтың болашақ жұлдыздарын ұшыру алаңы.
Чемпионатқа қатысушылары арасында екі халықаралық шебер бар — жақында үшінші гроссмейстерлік норманы орындаған қазақстандық Алдияр Ансат және Суреш Харш (Үндістан) және екі халықаралық әйелдер шебері — Амина Қайырбекова (Қазақстан) мен Мафтуна Бобомуродова (Өзбекстан).
2022 жылғы әлем чемпионатының 16 жасқа дейінгі күміс жүлдегері, ФИДЕ әйелдер шебері Нгуен Хонг Нюнг те бар. Қатысушылар арасында барлығы 24 ФИДЕ шебері және 11 ФИДЕ әйел шебері бар.