logo

Шахматшылар әлем чемпионатындағы нәтижені жақсартты

Шахматшылар әлем чемпионатындағы нәтижені жақсартты

Бразилияның Флорианополис қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sport+

63 елден 500-ден аса спортшы қатысқан жарысқа Қазақстан атынан 20 шахматшы аттанған еді.

Гроссмейстер Антон Филипповтің жетекшілігімен Қазақстан командасы үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды. 
  
Эдгар Мамедов (Open 14), Әмина Қайырбекова (Girls 18), Алдияр Ансат (Open 18) күміс жүлдегер атанса, Сауат Нұрғалиев (Open 14) еншісінде қола медаль.