logo

Шахматшы Қазыбек Нөгербек: Бұл – бүкіл Қазақстанның жеңісі

Шахматшы Қазыбек Нөгербек: Бұл – бүкіл Қазақстанның жеңісі

Жасөспірімдер арасында шахматтан Азия біріншілігі өтіп жатқан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әлем чемпионы Қазыбек Нөгербектің қатысуымен баспасөз мәслихаты болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

KazChess атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова Қазыбек Нөгербекті қазақтың ұлы биімен салыстырып, оны ХХІ ғасыр чемпионы деп атады.

Қазыбекті 10 жылдан астам уақыт бойы баптап келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ержан Шәкенов шәкіртінің шахматшы ретінде өз шеберлігін үнемі жетілдіріп келе жатқанын атап өтті. 

«Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтауын көргеннен кейін қатты қуандым. Қазір мен аздап толқып отырмын. Бұл – өте үлкен нәтиже, әлі сене алар емеспін. Бұл – бүкіл Қазақстанның жеңісі. Бәріңізге мың алғыс», - деді Қазыбек.

Ол әлем кубогінде сәтті өнер көрсетіп, рейтингтік ұпайын 2 600-ден асыруға тырысатынын жеткізді.

«Әлем чемпион атағынан үміткерлер жарысында бақ сынап, қазақстандықтар арасында бірінші болып 2 700 ұпай жинағым келеді», - деді Қ.Нөгербек.