Сахан Әбдіқасым «Алматы Барысы» атанды
Қалалық іріктеу турнирінде жеңіске жеткен Сахан Әбдіқасым «Қазақстан Барысында» Алматының намысын қорғайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы Барысы» іріктеу турнирі өтті.
Спорттық додаға қаланың 8 ауданынан 2 спортшыдан қатысты. Осылайша, бас-аяғы 16 балуан өзара кіл мықтыны анықтады.
Жарыс барысында жауырыны жерге тимеген Сахан Әбдіқасым «Алматы Барысы» атанды. Үздік үштік қатарында Айбек Ізтілеуов және Сәбит Қайратбек те бар.