Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде бразилиялық Рональд Лимамен жолықты.

Нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді салды.