Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғарылады
UFC ұйымы жаңартылған рейтингін жариялады, өзгерістер жартылай орта салмақ дивизионына да қатысты орын алды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов өз салмағындағы үздік жауынгерлер рейтингінде 2-орынға көтерілді. Одан жоғары тек чемпион Ислам Махачев пен бұрынғы чемпион Джек Делла Маддалена ғана тұр.
Шавкат жарақатына байланысты бір жылдан астам уақыт жекпе-жекке шыққан жоқ. Ол соңғы кездесуін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, Иан Гэрриді жеңген еді.