logo

Саламат Исбулаев PFL-дің үздік жауынгеріне қарсы жекпе-жек өткізеді

Саламат Исбулаев PFL-дің үздік жауынгеріне қарсы жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық жауынгер Саламат Исбулаев 7 ақпанда Дубайда өтетін PFL турнирінде дебют жасайды, деп хабарлайды Sport+ «Спорт Шредингера» телеграмм-арнасына сілтеме жасап.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтың чемпионы Усман Нурмагомедов Альфи Дэвиске қарсы титулын қорғайды.

Жартылай жеңіл салмақта Исбулаевтың (9-0) қарсыласы перулік Хесус Пинедо (25-7-1) болады. Ол 2023 жылы Гран-при жеңімпазы атанып, 2025 жылы финалға дейін жеткен.

29 жастағы Исбулаев бұған дейін қазақстандық «Alash Pride» ұйымында (7 жекпе-жек) және қытайлық JCK лигасында (2 жекпе-жек) өнер көрсеткен. Тоғыз жекпе-жектің барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен — 5 нокаут, 4 сабмишн. Тек бір рет екінші раундқа дейін барған және үшінші раундқа мүлде шықпаған.



Күн шежіресі