Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде көтерілді
UFC Дохада (Катар) өткен демалыс күндеріндегі турнирден кейін жартылай орта салмақтағы жауынгерлер рейтингін жаңартты.
Топ-15-тің жоғарғы бөлігінде өзгерістер болды: ирландиялық Иэн Мачадо Гэрри бірден төрт сатыға көтеріліп, Белал Мухаммадты жеңгеннен кейін екінші орынға шықты.
Белал үш позиция төмендеп, қазір бесінші орында. Карлос Пратес бір сатыға көтеріліп, алтыншы болды.
Қазақстанның өкілі Шавкат Рахмонов төртінші орыннан үшінші орынға қайта оралып, Майкл Моралестен алға шықты.