Сауль Канело Альварес Қазақстанға қолдау білдірді
Екінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес өзінің Instagram парақшасында тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Қазақстан халқы үшін дұға етемін. Атырау және Орал, біз сіздермен біргеміз», — деп жазды Канело өз стористе.
Еске салсақ, Қазақстанның бірнеше облысында су тасқына байланысты төтенше жағдай жарияланды.