Асқар Қожабергенов: Азия Кубогынды Еуропа чемионаттарында көрсететін үздік футболшылар жиналды
Sport Plus Qazaqstan телеарнасының арнайы шығарылымында қазақстандық бапкер Асқар Қожабергенов Азия Кубогына қатысатын құрамалалардың ойындарына баға берді.
- Бүкіл әлемде футбол дамып жатыр. Азия командаларыда жақсы дамуда. Оның үстіне Жапония және Солтүстік Корея сияқты елдерден Еуропаның мықты-мықты командаларына жұлдыз ретінде ойыншылар алмасуда. Қазір аталмыш футболшылар бір елде жиналып, үлкен сайысқа түсіп жатыр. Мен өзім бірнеше ойындарды қарадым. Мұндай әлемдік жарыстардың ерекшелігі – барлық командалар бірінші турға қарсыластарды сараптамалап, жақсы дайындалады. Ал екінші турға дайындық бірінші турдағы ойынға қарап отырады. Алғашқы турларда бірнеше сенсациялық нәтижелер орын алды. Мысалы, Ирак және Жапония арасындағы кездесуді алатын болсақ. Бұл ойында Ирак құрамасының бас бапкері Хесус Касас футболшылардың физикалық қасиеттеріне тактиканы жақсы қосқан. Мүмкін жапондар тарапынан менсінбеушілік болған шығар. Дегенменде Ирак құрамасының алғашқы 5 минутта соғылған голы Жапония құрамасының ойынға деген барлық жоспарын өзгертті, - деді Асқар Сейдахметұлы.
Сонымен қатар Қожабергенов азиялық командаларға қарсы ойнаған тәжірибесі туралы айтып берді:
- Қытайдың қазіргі деңгейіне баға беру қиын. Бірақ олар Тәжікстан және Ливан командаларына қарсы матчтардағы тең нәтижелерден кейін, Катарды ұтып, жарысты әрі қарай жалғастырады дегенге сенбеймін. Катар құрамасы деңгейі өсті, олар өте бай мемлекет. Олар өз елдерінде Әлем чемпионатын өткізді, жергілікті чемпионаттарына әлімнің мықты мамандары жұмыс жасауға келуде. Бұл әрекеттердің бәрі ол елдегі футболдың өсуіне әсер етеді. Мен ойыншы болған кезде Катар құрамасына қарсы Бейрутте ойнадым. Бұл ойын шілде айында өтті. Далада 48 градус ыстық, 97% ылғалдылық болды. Біздің бапкер Серик Бердалин ойын алдында Совет одағы кезіндегі дене қыздыру жаттығуын өткізді, сол кезде 2-3 литрдей су жоғалтқан сияқтымыз. Сол себепті ойынның алғашқы 30 минутында үш гол жіберіп алып, қалған 60 минутта жаяу жүрдік, футбол ойнау мүмкін болмады.