logo

Сәкен Бибосынов 10 жылдан кейін ғана пәтерін өз атына аудара алады - әкімдік

Сәкен Бибосынов 10 жылдан кейін ғана пәтерін өз атына аудара алады - әкімдік

Түркістан облысының әкімдігі бокстан Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа берілген пәтерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sportplustv.kz. 

Әлеуметтік желі белсенділері спортшыға табысталған пәтердің арендалық екенін айтып, желіде қызу талқылап жатыр.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі боксшы Сәкен Бибосыновқа 2 бөлмелі арендалық пәтер берілгенін, ол пәтерді тек 10 жылдан соң ғана өз атына аудара алатынын айтты

"Құжатқа сәйкес, көрсетілетін қызметті алушымен шарт 10 жыл мерзімге жасалады. Шарт жасасқан күннен бастап 10 жыл өткен соң көрсетілетін қызметті алушылар коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайды өтеусіз негізде меншікке алады", - делінген әкімдік тарапынан берілген ақпаратта. 

Ал, спортшы допингті қолданған немесе пайдалануға әрекет жасаған жағдайда спорттық нәтиже жойылғанда, көрсетілетін қызметті алушымен аталған қағидалардың 19 тармағына сәйкес 10 жылға жасалған шарт бұзылады.