logo

Сабина Алтынбекова: Арамза ер адамдардың заманында өмір сүріп жатырмыз

Сабина Алтынбекова: Арамза ер адамдардың заманында өмір сүріп жатырмыз

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде қылмыс жасап сотталған азаматтарға шүйлікті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Біздің елдің ер-азаматтарына не болып жатқанын түсіне алар емеспін. Қорғап, мәпелеудің орнына өздеріңізді айуан секілді ұстайсыздар. Қыздар, өздеріңізбен бірге өткір иісті баллон алып жүріңіздер, оны қандай жағдайда және қалай қолдану керектігін оқып алыңыздар.

Өз-өзіңізді қорғауға тура келетін жайттар болуы мүмкін, сондықтан дайын болыңыздар. Тағы бір мәселе: тіпті танитын ер-азамат ұсынған сусынды да қабыл алмаңыздар. Біз арамза ер адамдардың заманында өмір сүріп жатырмыз», – деп жазды Алтынбекова Instagram әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, 11 сәуірде сенатта әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы кей заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мақұлданған еді.