Руслан Мырсатаев рингке оралады
Руслан Мырсатаев бес жылда алғаш рет рингке шығады және кештің бас кездесуіне қатысады.
Аса ауыр салмақтағы боксшы (7-0, 6КО) ұзақ үзілістен соң қайта оралмақ. Ол Қанат Исламның компаниясы Qazaq Promotions ұйымдастыруымен 1 наурыз Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін кештің бас жұлдызы атанды.
Мырсатаевтың қарсыласы әлі жарияланған жоқ. Бұл кеште өнер көрсететін басқа да боксшылар белгілі: Дәулет Даукенов, Әли Балоев, Бексұлтан Раушанов, Сапарбай Айдаров және басқалары.
Руслан Мырсатаевтың соңғы жекпе жегі 2019 жылдың қазан айында Алматыда өткен еді. Ол кезде белорус Юрий Быховцевті (10-23-7, 5КО) жеңді.