logo

Ризабек Айтмұхан: Шавкат UFC чемпионы атануға дайын

Ризабек Айтмұхан: Шавкат UFC чемпионы атануға дайын

Еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың нигериялық Камару Усманмен жекпе-жекте промоушеннің уақытша чемпионы атағы үшін мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Sport+.

«Мен Шавкаттың жеңетініне сенгім келеді. Мен оған сенемін. Менің ойымша, ол Усманға күресте мүмкіндік бермейді. Рахмонов соңғы жылдары күресте айтарлықтай өсті. Шавкат UFC чемпионы болуға дайын. Белал Мұхаммад? Ол да мықты, бірақ мен Шавкатты қолдаймын. Мен оның шеберлігі мен күшіне сенемін», — деді Ризабек Айтмұхан.

Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда UFC 310 Белал Мұхаммадпен жоспарланған жекпе-жекті өтпейтін болғаннан кейін, нигериялық Камару Усманмен уақытша атақ үшін жекпе-жек өткізгісі келетіндігін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта дивизион чемпионы Белал Мұхаммад аяғындағы сүйек инфекциясына байланысты турнирден бас тартты.