logo

Ризабек Айтмұхан: Нұрғали Нұрғайыпұлы - еркін күрестің шебері, өте мықты балуан

Ризабек Айтмұхан: Нұрғали Нұрғайыпұлы - еркін күрестің шебері, өте мықты балуан

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 18 мамырда Алматыда өтетін AMC Fight Nights және NAIZA FC бірлескен турниріне қатысатын қазақстандық жауынгер Нұрғали Нұрғайыпұлы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

- Нұрғали Нұрғайыпұлы — еркін күрестің шебері, өте мықты балуан. Өзім Нұрғали ағамызбен Қазақстан чемпионатында бір рет күрескенмін. Ол кезде мен ұттым, сонда сол кісі: «Ризабек, осындай жастар біздің жолды басып жатқанына өте қуаныштымын», — деді. Сол үшін Нұрғали ағамызға алдағы жекпе-жекте сәттілік тілеймін. Құдай қаласа, Алла Тағала күш-қуат беріп, қазақ елімізге үлкен жеңіс сыйласын, - деді балуан. 

Нұрғайыпұлының қарсыласы ресейлік жауынгер Али Бадрудинов атанады. 



Күн шежіресі