Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанғаннан кейін пікір білдірді: Қазақ елін әлі де қуантамын
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Тиранада (Албания) жастар арасында әлем чемпионы атанғаннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
20-жасар отандасымыз мансабында осымен үшінші рет әлем чемпионы атанып отыр.
«Мақсатымды орындадым деп ойлаймын. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлем, Азия чемпионаттары мен Олимпиада ойындары бар. Сол жарыстарға дайындалып, бар күш-жігерімді саламын. Осымен тоқтап қалмай, Қазақ елін әлі де қуантамын деп ойлаймын», - деді Ризабек финалдағы жеңісінен кейін Qazsport арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, 97 келіге дейінгі салмақта оған тең келер спортшы болған жоқ. Шешуші жекпе-жекте ирандық спортшы Махди Морафа қарсы шығып, 11:6 есебімен жеңіске жетті.