Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының финалына шықты

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Тиранда (Албания) еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Ол 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда жеңіске жетті. Ризабектің қарсыласы ресейлік Шамиль Гаджиалиев болды. Ризабек кездесуде 7-4 есебімен жеңіске жетті.

Финал 27 қазанда өтеді. Ризабектің қарсыласы Махди Морафа (Иран) болады.

Медаль үшін 27 қазанда қола үшін күресетін Алан Оралбек те таласады.



Күн шежіресі