logo

Қытайлық парапланер Жетісу облысында ауыр жағдайға тап болды

Қытайлық парапланер Жетісу облысында ауыр жағдайға тап болды

Қытайдан келген спортшы парапланды басқара алмай, әртүрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жетісу облысында 1972 жылы туған ҚХР азаматы парапланерлік спорттан әлем кубогының жарысын 800 метр таудың биіктігінде бастаған. Артынша спортшы парапланды басқара алмай, құлдилаған.

Қуанышқа орай, қосалқы парашютті ашып үлгеріпті. Дегенмен қону кезінде парапланер әртүрлі жарақат алды.