logo

Қытайдың Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің президенті Қазақстанға сапармен келді

Қытайдың Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің президенті Қазақстанға сапармен келді

Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті (ҚР ҰПК) Қытай Мүгедектер Федерациясы (CDPF) мен Қытайдың Ұлттық Паралимпиадалық комитеті (NPC China) делегациясын ресми сапармен қабылдады. Делегацияны мырза Чэн Кай бастап келді, деп хабарлайды Sport+.

Сапардың мақсаты — паралимпиадалық спортты дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе және үздік практикалармен алмасу. Қазақстан мен Қытай мүмкіндігі шектеулі жандардың инклюзиясы, оңалтуы және құқықтарын кеңейту мәселелеріне жоғары деңгейде көңіл бөліп отыр.

18 шілде күні делегация сапар аясында Қазақстан астанасындағы маңызды спорттық және оңалту нысандарын аралады:

Паралимпиадалық жаттығу орталығы — мұнда таныстырылым экскурсиясы мен екі ұлттық комитет басшылығы арасында жұмыс кеңесі өтті;

«Тарлан» мұз аренасы — халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған ірі көпфункциялы нысандардың бірі.
Тараптар параспорт, инклюзивті білім беру, жұмыспен қамту және медициналық оңалту салаларындағы ықпалдастық перспективаларын талқылап, халықаралық бастамалар мен спорттық бағдарламалар аясында ынтымақтастықты жалғастыру ниетін білдірді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің президенті Қайрат Боранбаев:

«Құрметті мырза Чэн Кай бастаған Қытай Мүгедектер Федерациясы мен Қытайдың Ұлттық Паралимпиадалық комитеті делегациясын қабылдау — біз үшін үлкен құрмет. Қытай тарапының ашық диалогқа және паралимпиадалық қозғалысты бірлесе дамытуға деген ұмтылысын жоғары бағалаймыз. Бұл сапар екіжақты ынтымақтастықты нығайту, үздік тәжірибелермен алмасу және мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау жолында маңызды қадам боларына сенемін».

Бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін растады және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарына негіз болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті (ҚР ҰПК) паралимпиадалық спортты дамытуға және параспортшылардың халықаралық деңгейдегі мүдделерін қорғауға жауапты.

2025 жылдың тамыз айында Қазақстан алғаш рет Азия Паралимпиадалық комитетінің Бас Ассамблеясын қабылдайды. 45 елдің қатысуымен өтетін бұл іс-шара еліміздің паралимпиадалық қозғалыстағы халықаралық беделін нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ.



Күн шежіресі