logo

Қытайдағы турнирде 4 таэквондошымыз лицензияға таласады

Қытайдағы турнирде 4 таэквондошымыз лицензияға таласады

15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Парижге жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан құрамасынан 4 спортшы лицензияға таласады. Жалпы бұл додаға 33 елден келген 96 спортшы қатысады. 

Атап айтар болсақ, 57 келі салмақ дәрежесінде Спартакиада жеңімпазы Мария Севостьянова, 58 келіде Қазақстан командасының мүшесі Самирхон Абабакиров, +67 келі салмақта Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері Жансель Дениз және 80 келіде жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада жеңімпазы Батырхан Төлеуғали байрақты бәсекеде ел намысын қорғайды.