Құзға өрмелеуден әлем кубогына қатысатын құрама спортшылары анықталды
12-14 сәуір аралығында Қытайдың Уцзян қаласында құзға өрмелеуден әлем кубогы өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Ришат Хайбуллин, Әмір Маймуратов, Тамара Олжабаева мен Бекнұр Алтынбеков сынға түседі.
Аталған турнирге 31 мемлекеттен келген таңдаулы 235 спортшы қатысады.
Әлем кубогының бағдарламасы төмендегідей:
12 сәуір
Қиындық және жылдамдық бойынша іріктеу
13 сәуір
Қиындық санатында жартылай финал
Жылдамдық бойынша финал
14 сәуір
Қиындық бойынша финал (әйелдер)
Қиындық бойынша финал(ерлер).