Құралбай Орталық Азия чемпионатында Қазақстанға тағы бір медаль сыйлады
Ташкентте өтіп жатқан III Орталық Азия чемпионатында Ақбілкек Құралбай 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық жеңіл атлет қашықтықты 10:51,59 секундта жүгіріп өтіп, мәреге үшінші болып жетті. Бұл — Ақбілек Құралбайдың биылғы маусымдағы екінші үздік нәтижесі.
3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру. Әйелдер:
Дильшода Усмонова (Өзбекстан) — 10:16,12
Садафбону Нусратиллова (Өзбекстан) — 10:39,10
Ақбілек Құралбай (Қазақстан) — 10:51,59