Құдірет Шәмиев: Қазақстандық төрешілерді әлем чемпионаты мен Олимпиадаға жіберу біз үшін мақсат
Қазақстан таеквандо федерациясының президенті Құдірет Шәмиев Sport+ Qazaqstan телеарнасының эфирінде өз басқаратын ұйымдағы өзгерістер туралы айтты.
«Таеквандодан Қазақстан чемпионатының шетелдік төрешілердің қазылық етуі — бұл тек бір сайыстың барысында емес, үлкен жоспардың бір бөлігі. Өйткені біз қыркүйек айында Астанада халықаралық федерациямен бірлесіп, төрешілерге семинар өткізген болатынбыз. Бұл жерге 27 елден 170 жуық төреші келген еді. Сол жерде қазақстандық төрешілердің біліктілігін арттыруда, біздің төрешілердің халықаралық сайыстарда санын арттыру, соның ішінде болашақта әлем чемпионаты мен Олимпиадаларға оларды жіберу туралы келіссөздер және ақылдасу болған болатын. Сол себепті осы чемпионатқа өзіміздің төрешілерден бөлек, бізбен тығыз жұмыс жасап жатқан төрешілер де келді».