logo

Қос таеквондошы лицензиялық турнирдің жартылай финалына шықты

Қос таеквондошы лицензиялық турнирдің жартылай финалына шықты

Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан таеквондодан Азия іріктеу турнирінің соңғы жарыс күні  қос қазақстандық спортшы жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

58 келі салмақ дәрежесінде Самирхон Абабакиров қырғыз Нұрхан Самидиновті және тай Тханакрит Едракты ұтты.  

67 келіде Жансель Дениз ширек финалдан бастап, моңғол Энхчимег Ганзоригті жеңді. Осылайша екі таеквондошы жартылай финалға шықты. Олимпиада жолдамасына қол жеткізу үшін спортшылар финалға жетуі керек. 

57 келі Мария Севостьянва камбоджалық Джули Намға ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.