logo

Қазақтың алғашқы Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарған бапкер қайтыс болды

Қазақтың алғашқы Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарған бапкер қайтыс болды

Грек-рим күресінен қазақтан шыққан Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ром Ильматов өмірден озды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ел спорттың жарқын жұлдызы, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ром Ильматовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтамыз. Ром Хасанұлы жоғары дәрежедегі ұлағатты ұстаз әрі адамгершілік қасиеті мол, жаны жайсаң, болмысы бөлек адам еді. Оның асыл мінезі мен жетістіктері баршамыздың жадымызда мәңгі сақталады», - деп жазылған федерация хабарламасында.

Білікті бапкер 1936 жылы ШҚО, Бородулиха ауданында дүниеге келген. Ол 26 ақпанда 88 жасқа толған еді. Ал бапкердің шәкірті Жақсылық Үшкемпіров 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек-рим күресінен 48 келіде чемпион атанған.

Сонымен бірге, 1981 жылы өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы. Ол 1980 жылы Прьевидзеде өткен Еуропа біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды.