logo

Қазақстанның жаңа Туризм және спорт министрі тағайындалды

Қазақстанның жаңа Туризм және спорт министрі тағайындалды

Президенттің жарлығымен Қазақстанның жаңа туризм және спорт министрі болып Ербол Мырзабосынов тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мырзабосынов туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болды. Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қызметінен босатты.



Күн шежіресі