Қазақстанның екінші ракеткасы Тайландтағы турнирді жеңістен бастады
Юлия Путинцева Thailand Open турнирінде бірінші ойын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстанның екінші ракеткасының қарсыласы жергілікті теннисші Накло Тхасапорн атанды. Юлия үш сетте 5:7, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Турнирдің екінші айналымында Путинцева швейцариялық Виктория Голубичпен кездеседі (WTA рейтингінде 71 орын).