Қазақстанның екі гимнасты Қытайдағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстанның екі гимнасты Қытайдағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Қытайдың Цзуньи қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының финалистері анықталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің шешуші кезеңіне Қазақстан құрамасының екі өкілі өтті.

Дмитрий Патанин еркін жаттығулар бағдарламасында іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтап, финалға шықты.

Сондай-ақ Дияс Тойшыбек те финалға жолдама алды. Кермедегі жаттығуларда ол іріктеу жарысын алтыншы орынмен аяқтады.

Айта кетейік, командалық көпсайыста Қазақстан құрамасы 240,660 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды 254,194 ұпаймен Қытай иеленді. Жапония 248,795 ұпаймен екінші орын алса, Оңтүстік Корея 242,561 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Азия чемпионатының финалдық жарыстары 20 және 21 маусым күндері өтеді.



Күн шежіресі