Қазақстандық жүзгіштер 2026 жылғы Азия ойындарын бастады

Қазақстандық жүзгіштер 2026 жылғы Азия ойындарын бастады

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүзу сайыстары басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

200 метрге кешенді жүзуде қазақстандық Айбат Мырзамұратов алдын ала кезеңде бақ сынады.

Отандасымыз өз тобында 2:01.43 уақыт нәтижесін тіркеп, жетінші орынмен ақтық сынға жолдама алды.

Айта кетейік, финал бүгін, 20 қыркүйекте өтеді. Ол Астана уақытымен 13:00–де басталады.



Күн шежіресі